Таяу Шығыстағы соғыс: Шри-Ланкада төрт күндік жұмыс аптасы енгізілді
Шри-Ланкада мемлекеттік мекемелер, университеттер мен мектептер үшін тағы бір демалыс күні енгізілді – енді олар сәрсенбі күні де демалады.
Шешімнің мақсаты
The Guardian басылымының жазуынша, бұл шешім Таяу Шығыста АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс салдарынан туындаған жанармай тапшылығы кезінде отынды үнемдеу мақсатында қабылданды.
Мұндай шара ел билігі жанармайды қатаң мөлшерлеп тарату жүйесі енгізілгеннен кейінгі күні қабылданды. Бұл қадам артық сатып алуды тежеуге бағытталған.
Жанармай бекеттеріндегі кезек
Ел бойынша жанармай құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезек екінші күн қатарынан азаймай тұр. Өткен аптада Шри-Ланка үкіметі жанармай бағасын 8%-ға көтерген еді. Бұған Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуы жеткізілімдерге кедергі келтіріп, бағаның тағы қымбаттауына әкелуі мүмкін деген қауіп себеп болған.
12 наурызда Шри-Ланка президенті Анура Кумара Диссанаяке Таяу Шығыстағы қақтығыс жалғаса берсе, үкімет аралды тұрақты энергиямен тек алдағы екі ай бойы ғана қамтамасыз ете алатынын мәлімдеді.
07:08
59
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.